Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2010 жылғы 10 желтоқсанда «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

2010-12-14
2010 жылғы 10 желтоқсанда  «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

2010 жылғы 10 желтоқсанда Атырау қаласының Уәлиханов көшесі 9 үйде «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы болды. Бұндай сый облыстық мемсараптама қызметкерлеріне Қазақстанның Тәуелсіздік күніне қарсы жасалып отыр.
«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйесінің қызметін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасы шеңберінде өз аумақтық бөлімшелерінің жеке материалдық-техникалық базасын жоспарлы дамытуды Еншілес кәсіпорынның Атырау қаласындағы жаңа қазіргі кеңсесін ашудан бастады. «Мемсараптама» РМК материалдық-техникалық базасы мен өндірістік- шаруашылық инфрақұрылымын дамытудың алғашқы қадамын жеке әкімшілік ғимарат салудан бастап, ол 2008 жылдың тамызында пайдалануға берілді, онда Бас кәсіпорын мен «Мемсараптама» РМК-ның Астана филиалы орналасқан. Жаңа ғимаратқа көшу Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың 20 жылдығымен сәйкес келді, Қазақ СРО Министрлер кеңесінің қаулысын орындау үшін Қазақстанда Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын 1988 жылы тамызда құрды.
2010 жылдың соңына дейін Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік филиалы да жаңа қоныс тойын тойламақ. 2011 жылы Тараз қаласындағы «Жамбылмемсараптама» ЕМК-ның, Шымкент қаласындағы «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-ның және өзге де облыстардағы әкімшілік- өндірістік объектілер пайдалануға берілмек.
Оны жобалауға және салуға бюджеттен қаржы немесе өзге де инвестиция тартылған жоқ. Мемсараптама жүйесінің жеке материалдық-техникалық базасы мен өндірістік- шаруашылық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған барлық іс-шаралар «Мемсараптама» РМК мен оның бөлімшелерінің заңмен белгіленген қаржылық жинағы есебінен іске асырылуда.
Жаңа әкімшілік ғимараттарда тек «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық еншілес кәсіпорындары ғана орналасып қоймайды, сонымен қатар Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің аумақтық өкілдіктері де орналастырылатын болады.