Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары тәжірибе игеру мақсатында Австрия, Дания және Словакия елдерінде болып келді

2010-12-15
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары тәжірибе игеру мақсатында Австрия, Дания және Словакия елдерінде болып келді

2010 жылғы желтоқсанның басында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары қазақстандық делегация құрамында экология, энергияны үнемдеу, жобалау және салу, тұрғын үй иелері серіктестігінің жұмысын ұйымдастыру және т.б. салаларындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру мақсатында Австрия, Дания және Словакияда болды.
Вена (Австрия) қаласында сарапшылар «Vienna WWTP» компаниясының тазарту құрылғыларының жұмысымен, тарихи қала орталығының салынуымен танысты.
Сонымен қатар, сарапшылар Братислава (Словакия) қаласында Көлік және өңірлік даму министрлігінде, тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеу жөніндегі зауытта болды, онда олар қатты тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеу технологиясымен танысты.
Данияда мамандар бірнеше қалаларда болып «Danfoss» компаниясының өнімдерімен танысты, бұл компания ғимараттардың жылу жүйесі үшін энергоүнемдеу жабдықтарын өндіретін жетекші әлемдік өндіруші, сондай-ақ Дат энергетикалық агенттігінде, Экспортты кредиттеу қорында да болды. Копенгагенде (Дания) қаланың құрылыс объектілерінде болып және қаланың сәулет тарихи ескерткіштерін аралап көрді.