Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Субұрқақ салудың шетелдік тәжірибесі

2011-09-27
Субұрқақ салудың шетелдік тәжірибесі

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірқатар жобалау ұйымдарының өкілдері Барселона қаласына (Испания) болып қайтты, онда олар «Somhidros» компаниясының субұрқақтарды салу және жарақтандыру жөніндегі қазіргі технологиялармен танысты. Барселона қаласында «Somhidros» компаниясының кеңсесі, субұрқақтарға арналған жабдықтарды сынау зертханасы мен субұрқақтарға арналған жабдықтар шығару жөніндегі зауыт орналасқан. Компания 2 қала алаңында субұрқақтарда, сорғы стансасында болуды, субұрқақтардың технологиялық жабдықтарымен таныстыруды ұйымдастырды. Зертханада юолған кезде жабдықтарда сынақ қалай жүргізілетіні, зауытта толық жинақталған субұрқақты көрсетсе, кеңседе жобалаушылар жұмыс істеп жатырған бірнеше жобаларды көрсетті. Барселона қаласының мақтанышы болып табылатын 1992 жылы салынған субұрқақ көрсетілді. Осы субұрқаққа «Somhidros» компаниясы сорғыны, субұрқақты жарақтандыруға және түрлі-түсті әуендерді автоматты қосу жабдықтарын қайтадан жаңарту жүргізді. Субұрқақтар жаңа технологиялардың дамыған сайын ұдайы жетілдіріліп отырады. Мысалы, электр қуатының көмегінсіз жарқырайтын және алаулы субұрқақ салынған, мұнда су мен отпен жалындайды. «Somhidros» компаниясының жобалары бойынша субұрқақтар Испанияда, Болгарияда, Румынияда, Түркияда салынған, Әзірбайжанның Баку қаласында гейзер түрінде субұрқақ салынуда.