Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011 жылдың 08 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «ШҚО Өскемен қаласының кәріз тазарту құрылыстарын дамыту» жобасының тұсаукесері өтті

2011-09-09
2011 жылдың 08 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «ШҚО Өскемен қаласының кәріз тазарту құрылыстарын дамыту» жобасының тұсаукесері өтті

Жоба «Мемсараптама» РМК-да қаралуда.
Жобаның Тапсырысшысы: «ШҚО Құрылыс басқармасы» ММ
Бас жобалаушы: «Востокагропромпроект» ЖШС
Өнеркәсіп кәсіпорындарының және қала құрылыстарының ағынды суларының қазіргі ең көп мөлшері тәулігіне 120 текше метр құрайды. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін бұл көрсеткіш тәулігіне 166 мың текше метрге дейін көбееді. Жоба тазарту құрылыстарының механикалық, биологиялық тазарту және тұну бөліктерінің қайта жаңартуын қарастырады. Тазарту құрылыстарының асқын жүктеме себебінен жобаны әзірлеу қажеттілігі пайда болды, онда суларды тазарту және тұнбаларды өңдеу технологиясы толық көлемде сақталмайды, соның нәтижесінде Ертіс өзеніне ағызу алдында ағынды суларды қажетті деңгейде тазарту қамтамасыз етілмейді. Сонымен қатар, тұнба алаңшаларында жиналатын шөгінділерді кәдеге жаратуы бапталмаған. Өскемен қаласының сол жағалауындағы тазарту құрылыстарына қалалық шаруашылық-тұрмыстық ағындылардан басқа өнеркәсіп кәсіпорындарының ағынды сулары келіп түседі.Сондықтан, шөгінділерде жоғары уытты металлдардың құрамы олардың рұқсат етілген шекті нормасынан жүз есе асып кетуде, бұл оларды органикалық тыңайтқыштар ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.