Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні»

2014-03-20
«Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні»
«Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні»
«Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні»
«Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні»
Халықаралық «Наурыз мейрамын» мерекелеу шеңберінде, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлер қатысумен мерекелік іс шара өткізді. Іс шара осы жылдың 20 наурыз күні филиалдың бөлімдері арасында сайыс түрінде өтіп, оның шарты бойынша әр бөлім Наурыз мейрамы тақырыбына концерттік нөмір әзірледі. Жүлделі бірінші орынға 3 өндірістік бөлім және әкімшілік-басқару ұжым қызметкерлерінен тұратын 4 команда күресті. Барлық командалар үй тапсырмасын іскерлікпен орындап, өз өнерлерін танытты. Қатысушылар ұлттық өлеңдер айтып, би билеп, мемлекеттік тілде өлеңдер оқып, «Тұсау кесер» рәсімін көрсетті. Одан басқа, қатысушылар тапсырма ретінде қазақ халқының мәдениетіне қатысты ой бөлісіп, қазақ халқының киелі де қасиетті сандардың сырын ашып көрсетті. Мерекелік іс-шаралар қатысушылары көктемгі жаңарудың және бірлік пен достықтың халықаралық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы негізінде жатқан тұрмыстық және рухани мағынаны жеткізді. Сайыс нәтижелері бойынша қазылар алқасы мемлекеттік іс-шараның 1-ші орын иегерін анықтады. Қосымша ретінде байқау қатысушыларына «Ең тату бөлім», «Көркем ұлттық киімдер», «Ең өнерлі қатысушы» «Көрермен көзайымы» номинациялар бойынша мадақтамалар мен сыйлықтар берілді.