Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген жолдастық турнирге қатысу туралы

2018-07-06
Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген жолдастық турнирге қатысу туралы
2018 жылғы 06 шілдеде Астана күнін мерекелеу қарсаңында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының командасы «KAZGOR» Жобалау Академиясымен ұйымдастырылған шағын-футбол бойынша жолдастық турнирге қатысты. Аталған шараны алғы сөзімен «KAZGOR» ЖА президенті А.А. Татығұлов ашып берді, ол барлық қатысушыларды Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтап, турнирде сәттілік тіледі. Барлық команда жеңіске талпынды. Жарыс өте қызықты өтті, команда және қатысушылардың жанкүйерлері өте белсенді қолдау білдіріп отырды. Турнир қорытындысы бойынша «мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы III орынға ие болды, сонымен бірге сараптамалық қорытындыларды шығару және сараптама жұмыстарын автоматтандыру бөлімінің бас маманы Н.Т. Тәмен» ең үздік ойыншы» атағына ие болды. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, аталған шараны ұйымдастырғаны үшін «KAZGOR» ЖА алғыс білдіреді.