Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары

2019-04-25
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары
- Қазіргі уақытта әлемдік проблемалардың бірі - сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік дамуына тигізетін кері әсері болып отыр. Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру мақсатында, 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданған. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Жаңа заң бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, ал тәртіптік жауаптылық жаңа заңнан алынып тасталынып, Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы» 23.11.2015 жылғы заңының 50 бабында орын алған. Енді Қызылорда облысында тіркелген сыбайлас жемқорлыққа тоқталсам: 2018 жылдың 12 айында Қызылорда облысының көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 139 (2017 жылдың 12 айында - 121) қылмыс тіркеліп, бұл санаттағы қылмыстардың саны 2017 жылдың 12 айымен салыстырғанда 14,9 %-ға өскендігі байқалады. Енді тіркелген, 139 қылмысты аймақ бойынша бөлгенде, 108 – Қызылорда қаласында, 10– рал ауданында, 7–Қазалы ауданында, 3–Қармақшы ауданында, 2–Жалағаш ауданында, 6–Шиелі ауданында, 3–Жаңақорған ауданында. Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен тіркелген қылмыстар сала бойынша бөлінісінде келесідей: - мемлекеттік сатып алу саласы - 38 қылмыс; - құрылыс саласы - 29 қылмыс; - қорғаныс істері саласы – 15 қылмыс; - ішкі істер органдары бойынша – 10 қылмыс. - білім беру саласы - 9 қылмыс; - әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету саласы – 7 қылмыс; - ауыл шаруашылық саласы – 4 қылмыс; - денсаулық сақтау саласы – 2 қылмыс; Айта кету керек, орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар 8 облыстық, 3 қалалық, 11 аудандық, 6 ауылдық деңгейдегі басшылары (басшылық лауазымдары) болып отыр. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға барлық шаралар қабылдануда. Мысалы, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы №1131 санды қаулысы негізінде Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар үшін сыйақы беріледі. (СЖ төмен елдер: 1-орын Дания, 2-Жаңа зеландия, 3-Сингапур, 87-Қытай, -138 –Ресей, 14-германия, 44-Грузия. 124- Қазақстан орын). Әкімшілік іс үшін 30 АЕК (75750 тг), Ал қылмыстық іс бойынша 40 АЕК (101 000тг) бастап 100 АЕК (252 500 тг) ақшалай сыйақы беріледі. Мысалы: 2016 жылы 185 адам 27 млн. теңге сыйақы алса, бұл көрсеткіш 22 пайызға көбейіп, 2017 жылы 226 адам 31 млн. теңге сыйақы алған. Орташа бір адамға 137 мың теңге. Жұмыс барысында ұсынылған қандай да бір сый-сияпатты алудан аулақ болыңыздар. Ондай кездерде міндетті түрде 7 күн ішінде мемлекеттік қорға өткізіңіздер. Алғыларыңыз келсе, мемлекеттен нарықтың бағасына сәйкес алуға болады. Енді осы жерде сыйлық екіге бөлінеді біреуі пара егер оның құны 2-айлық есептік көрсеткіштен артық болса, егер құны 2 айлық есептік көрсеткіштен аз болса, онда ол заңсыз сыйақы болып саналады. Яғни 2 айлық есептік көрсеткішіміз бүгінгі күні 2525 теңгені құрайды. Осы ретте, аталған әрекеттер үшін заңдылықтарын атап өтейін. ҚР ӘҚБтК 676 бабында, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі 200 АЕК яғни 505 000 теңге ал, 677 бабында, Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы – 600 АЕК (1 515 000 тг) мемлекетке айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Енді параны айтатын болсақ,(ҚР ҚК-нің 366 бабы пара алу, 367 бабы пара беру) бұнда пара көлеміне және қылмыстың ауырлығына сәйкес 15-жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе алған парасының 50,60,70,80 еселенген айыппұл төлеуге және іс бойынша мүлкін тәркілеуге дейін апарды. Парақорлыққа делдал болғаны (ҚР ҚК-нің 368 бабы) үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаралған. Дегенмен, адам болғасын пендешілікке салынып, жүргізіліп жатқан шараларға, ескертпелерге қарамастан, өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға барып жатады. Одан әрі, халық аралық «Транспарэнси Интернешнл» ұйымының зерттеулеріне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан елдер арасында әлем бойынша қабылдау индексін шығарған, бұл жерде Еліміз 2018 жылдың қорытындысы бойынша – 124-ші (122) орында. Қазіргі таңда, Біздің міндетіміз жұмыс жағдайын, лауазымын теріс пайдаланушылардан қорғану және олардың арам пиғылдарын жүзеге асырмау саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бастап тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін құруға бағытталған мақсатты және кезең-кезеңмен бағдар ұстанады. Халықаралық аренада Қазақстан халықаралық құқықтың белсенді қатысушысы және толық құқылы субъектісі болып табылады. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, осы саладағы басқа да құжаттарға қосылу біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық процестерге белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың арқасында қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тәсілдері мен келбеті түбегейлі өзгерді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заңда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу институттары көзделген. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау мониторингі жүйелі негізде жүзеге асырылады. 2015 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, Білім және ғылым, қорғаныс министрліктерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жүргізілді, оның нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдерді жою жөнінде нақты ұсынымдар берілді. Елбасы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып анықталды. Президенттің стратегияларының арқасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды арттыру және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Біздің іс-шараларымыздың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу болып табылады. Біздің барлығымыз сыбайлас жемқорлықтан Бос құқық тәртібі органдарының ғана азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті екенін түсінеміз. Халықтың сенімі олардың қызметін бағалаудың басты өлшеміне айналуы тиіс. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сияқты ұйымдардың арқасында біз әрқашан сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу тақырыбына хабардар етеміз.