Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Общая информация (каз)

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының құрылу тарихы

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының құрылу тарихы бірнеше кезеңнен тұрады:
Ақтөбе облыстық атқарушы комитеті жанындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бюросы «Республикалық және жергілікті басқару органдарына қарасты кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысына арналған жобалар мен сметаларды сараптауды жетілдіру туралы» 1987 жылғы 23 шілдедегі №841 КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысын жүзеге асыру туралы» 1987 жылғы 26 тамыздағы №400 Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ КСР мемлекеттік Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 1988 жылғы 8 тамыздағы №45-0С бұйрығы негізінде құрылды.
Қазақ КСР мемлекеттік Құрылыс істері жөніндегі комитеті жанындағы Бас мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау басқармасының 1992 жылғы 24 сәуірдегі №10 бұйрығына сай, 1992 жылғы 1 мамырда құрылым бекітіліп, оған сәйкес Ақтөбе облысы жанындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бюросы заңды тұлға құқығымен Бас комитетінің еншілес кәсіпорын тәртібінде қызметін бастады.
Кейін, өткізілген әкімшілік реформа шеңберінде «Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы №88 қаулысы қабылданды. Осы шешімге сай, жабылған Министр жанындағы жобаларды мемлекеттік сараптау Департаменті негізінде «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Мемсараптама» РМК) оның еншілес мемлекеттік кіспорындарымен, соның ішінде «Ақтөбемемсараптама» ЕМК бірге құрылды.
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы 2012 жылғы 08 мамырдағы №591 Үкімет Қаулысына сәйкес «Мемсараптама» РМК-ға қосылу жолымен «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-ні қайта құруына байланысты 2012 жылғы 31 шілдеде пайда болды.
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы өз қызметінде әрекеттегі Қазақстан Республикасы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бұйрықтар мен шешімдерін, «Мемсараптама» РМК-нің бұйрықтары мен өкімдерін және филиал туралы Ережесін басшылыққа алады.
Филиал қызметі жобаларға (жоба алды және жобалау-сметалық құжаттама) мемлекеттік сараптама жүргізу болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты Ақтөбе облысы аумағында Құрылтайшының тиісті саласындағы уәкілетті органы орнатқан шамадан аспайтын сметалық құны көрсетілген қала құрылысын жоспарлау, аумақты дамыту және оны салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылым нысандарының (энергиямен қамту, сумен жабдықтау, жылумен қамту, магистрал көлігі, байланыс, коммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өзге де тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарын қоса) құрылысы жобаларына кешенді баға беру болып табылады.

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының басшылары туралы ақпарат

Ботенбаев Жандос Жанасқарұлы
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының директоры