Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының Қостанай облысы бойынша департаментінің Қостанай облысы бойынша өндірістік бөлімі

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының Қостанай облысы бойынша департаментінің Қостанай облысы бойынша өндірістік бөлімі
Мекенжайы: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы
Алтынсарин көшесі, 151/А
тел/факс: 8 (7142) 39-10-33
Эл. мекенжайы. Kustgos@mail.ru, kostanay@gosexpertiza.kz
Департамент директоры – Татиева Айслу Сактагановна

Өндрістік бөлімінің басшысының міндетің атқарушы – Балгужинов Даулет Сагидуллаевич

Филиалдың қалыптасу тарихы

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының Қостанай облысы бойынша департаментінің Қостанай облысы бойынша өндірістік бөлімі «Мемсараптама» РМК республикалық мемлекеттік кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі болып табылады және жобаларға (жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамаларға) мемлекеттік сараптама жүргізуге уәкілетті.
Өндірістік бөлім қызметінің мақсаты Қостанай облысы аумағында қалақұрылыстық жоспарлау, аймақтың дамуы мен құрылыс салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылым нысандарына (қуатты үнемдеу, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, магистралды көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық тұрғын-үй шаруашылық және тіршілікті қамтамасыз етудің өзге де жүйелері нысандарын қоса есептегенде) кешенді бағалау болып табылады.
Алғаш рет сараптама органы Қазақ ССР Мемлекеттiк құрылыс комитетi жанындағы Мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау бас басқармасының (Казглавгосэкспертиза) шешімі бойынша (1988 жылғы 8 тамыздағы №45-ос бұйрығы) мемсараптама жобалар Басқармасы базасында Қостанай облыстық атқарушы комитеті жанындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау басқармасы құрылды.
Қостанай облыстық атқарушы комитеті жанындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау басқармасының бастығы лауазымына Алевтина Михайловна Калинина 1988 жылдың 31 қазаннан бастап (1988 жылғы 25 қазандағы №27-л бұйрығы) тағайындалды.
Алевтина Михайловна Калинина жобалау-сметалық құжаттама сараптама жүргізу үшін штаттан тыс жұмыс істейтін мамандарды жұмысқа тартты, олар О. И.Максимова, Т. В.Черкашина әлі күнге дейін мемлекеттік сараптамасында жұмыс атқарып келеді.
Кейін, өткізілген құрылымдық қайта құру нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа қала құрылыс кодексін, Жарғысын қабылдануымен және «Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы №88 қаулысына сәйкес басқарма Қостанай облыстық жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сараптау («Қостанаймемсараптама» ЕМК) деп аталған, оны 1997 жылғы 4 ақпаннан бастап басқарма органдары мен жобалау қызметте мол тәжірибесі бар Александр Мартынович Макаренко басқарды. Ол кәсіпорындар құрылымына, сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыруға, жетілдіруге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үлкен үлес қосты.
Кәсіпорынды 2007 жылдан бастап Вячеслав Андреевич Козак басқарды. 2012 жылдың 26 маусымда «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын («Мемсараптама» РМК) қайта ұйымдастыруына байланысты, оған «Мемсараптама» РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының бірігуіне байланысты «Мемсараптама» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы қайта құрылды.
2014 жылдан бастап 2015 жылдарға дейін филиалды Болатбек Калиевич Нурлыбаев және Сатыбалды Наурызгалиевич Тлегенов басқарды.
2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қостанай облысы бойынша филиалының қызметі тоқтатылды.
«Мемсараптама» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының құқықтық мұрагері – «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы белгіленді.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалдың Қостанай қаласындағы бөлімшесін Қуандық Жұмабекұлы Қажкенов басқарды.
2017 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қостанай облысы бойынша филиалы қайта құрылды. Филиал өз бетінше Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге және өзге де сәулет, қала құрылысы және құрылыс облысындағы нормативтік құқықтық актілерімен жүзеге асырады.
2017 жылғы 08 тамыздан 2019 жылғы 06 желтоқсанға дейін Акимжан Усенович Жакупов басқарған
«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының Қостанай облысы бойынша департаментінің Қостанай облысы бойынша өндірістік бөлімінде кадр құрамы өндірістік, жобалау және сараптау жұмыстары облысында, қала құрылысы және құрылыс шешімдер, технологиялар, әр түрлі салалардағы өндірістер, инженерлік қамтамасыз ету, көлік кешені, сметалық нормалау және баға белгілеу бойынша жоғары білікті, тәжірибелері мол (10, 20 және одан көп жыл) кәсіби мамандардан қалыптастырылды.