Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

Әкімшілік және кадр бөлімі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына және іс жүргізуді кезең бойынша мемлекеттік тілге өткізу іс-шараларының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ішкі актілер (ережелер, нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер) мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен хат алмасулар, мемлекеттік сараптама жүргізу шарттары, мемлекеттік сатып алу шарттары, кадрдың іс-қағаздары, кәсіпорын сайты мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Көзбен шолу ақпараттары (кестелер, маңдайша жазулары, стендтер) Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңына сәйкес дайындалған. Бөлімшелердің аумақтарында іс-қағаздарды кезең бойынша мемлекеттік тілге өткізу іс-шараларының жоспарлары дайындалған.
2011-2012 жылдары қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылған болатын, олар бастапқы кезеңді, мемлекеттік тілді меңгермеген қызметкерлер үшін, жалғастыру кезеңін және тілді негізін меңгерушілер үшін тереңдетілген деңгей кезеңін өзіне қосады, ол құжаттарды мемлекеттік тілде дайындағуға мүмкіндік береді. Курстан 89 маман өтті. Олар өз білімдерін тестілеуде дәлелдеді және тиісті сертификаттар алды.
Кәсіпорында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар өткізіледі. 2011 жылғы 22 сәуірде Астана қаласының «Мемсараптама» РМК-да Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған Фестиваль өтті, ол Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында өтті, барлық аумақтық бөлімшелерден өкілдер келді. Бұрынғы он бес кеңес республикалары еншілес кәсіпорындар арасында таратылған болатын.
Фестиваль бағдарламасы 3 бөлімге бөлінген: 1-ші турда ең үздік концерт нөміріне конкурс өтті: қатысушылар ұлттық киімдерде би билеп, ән шырқады, өлеңдер оқыды, слайдтар көрсетті, Қазақстан Республикасында тұратын әр елдің дәстүрін, салтын, асханасын көрсетті, 2-ші конкурста мемлекеттік тілде құрылыс терминдеріне жарыс өтті, 3 турда мақал-мәтелдердің, жаңылпаштардың, дәйексөздер мен атақты қазақ жазушыларының тілдері туралы пікірлер айтылды.
Фестиваль жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасы құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдер Комитетінің сарапшысы Төреханова Елерке Әдепханқызы шақыртылды.
Келесі фестиваль Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Қанатты тұлпар» 2012 жылғы қыркүйек айында өтті, Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалында өтті. Фестиваль үш турдан тұрды, 1 турда қатысушылар кәсіпорынның бейне ролигін-ашылуын көрсетті, екінші турда қазақтың ұлттық әндерін орындауы бағаланды, үшінші турда біздің елдің аумағында тұратын халықтардың салттары көрсетілді. Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін Этноқалашыққа экскурсия жасады. Дәстүрге айналып үлгерген, келесі фестиваль, «Қанатты тұлпар» фестивалінің жеңімпазының отанында Талдықорған қаласында өтеді.
2011 жылы ұжым Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық театрына барып «Терең тамырлар» атты қойылымды көріп қайтты.
Наурыз мейрамын тойлау барысында «Беташар», «Тұсау кесу», «Құдалық» және т.б. салт-дәстүрлер көрсетілді, ұлттық тағамдарды дайындау конкурстары өтеді.
2011 жылғы қыркүйекте маман-аудармашылар Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған аудармашылар конкурсына қатысты.
2012 жылғы 30-31 мамырда «Мемсараптама» РМК іс қағаздары мен мұрағат істеріе жүргізу бойынша мамандармен семинар өткізілді, «Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және ресми хат» тақырыбында лекцияны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Туленбергенова оқып, практикалық сабақтар өткізді. Семинар аяқталысымен қатысушылар қазақтың ұлы ақыны Сәкен Сейфуллин атындағы музейге барып қайтты., онда ақынның өмірі туралы қысқа метражды фильм мемлекеттік тілде көрсетілді.
Мемлекеттік тілді енгізу және дамыту бойынша жұмыстар әлі жалғасын табуда, 2013 жылы кәсіпорында мемлекеттік тілді енгізу және қолдану аясын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары дайындалатын болады.