Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Кадр саясатын іске асырудың негізгі бағыттары

Кадр саясатын іске асырудың негізгі бағыттары

Ұйым персоналы - басты құндылық
Кез-келген компанияның жетістігі жоғары білікті кадрлар ресурсын тартумен және қалыптастырумен байланысты.
Біздің өндірістік қызметіміздің ерекшелігі жұмыс тәжірибесі мол және жас мамандарға өз білімдері және тәжірибелерімен бөлісу мүмкіншілігі бар кәсіпқой мамандарды тартуды талап етеді.
«Мемсараптама» РМК-нің кадр саясатының мақсаты (бұдан әрі - Кәсіпорын):
жоғары кәсіби мамандарды тарту, персоналдың потенциалын барынша пайдалану;
кәсіби әрі тиімді кадрларды қалыптастыру, ұйымшыл команда құру және дамыту;
Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін персоналды тиімді басқару және дамыту;
Кәсіпорынның персоналды басқару саласындағы негізгі даму бағыты, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес бекітілетін құндылығы, кадр саясатының қағидаттары мен міндеттері Кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленеді.
Лауазымдарға орналастыру үшін мамандарды тарту және іріктеу тәртібі конкурс негізінде жүргізіледі. Мамандарды конкурстық іріктеудің негізгі қағидаттары:
әрбір кандидат үшін бос орындардың бар болуы туралы ақпараттың қолжетімділігі;
кандидаттардың өздерінің білімдеріне, қабілеттеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуі.
Кандидаттарды тарту Кәсіпорынның веб-сайтына конкурстық негізде (жұмыс тәжірибесіне, жұмысты орындау үшін қажетті біліміне және мағлұматына қойылатын талаптарды қоса) лауазымдарға орналасу үшін білікті мамандарды іздеу және іріктеу туралы ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық рәсімдерге лауазымның біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін тұлғалар хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға түйіндемені ұсыну жолымен қатыса алады.
Кәсіпорынның бос лауазымдарына орналасу мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) бос орын лауазымы ашылған және ішкі кандидаттар болмаған кезде Кәсіпорынның сыртқы интернет-сайтында бос орын туралы хабарлама жарияланады;
2) кандидаттар өздерінің түйіндемелері мен үәждемелік хаттарын (қажет болған кезде) жібереді;
3) Кәсіпорын ізденушілерді іріктеуді жүргізеді.