Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Халықаралық сәулетшілер одағының XXV Дүниежүзілік Конгресі

2014-08-11
Халықаралық сәулетшілер одағының XXV Дүниежүзілік Конгресі
Халықаралық сәулетшілер одағының XXV Дүниежүзілік Конгресі Халықаралық сәулетшілер одағының XXV Дүниежүзілік Конгресі 2014 жылдың тамыз айының бірінші декадасында Дурбан (ОАР) қаласында өз қатарында бүкіл әлемнің бір жарым миллионға дейін кәсіби сәулетшілерін біріктірген Халықаралық сәулетшілер одағының XXV Дүниежүзілік конгресі өтті. 116 ел мен аумақтардың қатысушыларын жинаған осы форумның жұмысы «Сәулет, өзге жерде басқаша» тақырыбына назар аударылды, мұнда әр түрлі елдер өкілдерінің сөз сөйлеуінде, сондай-ақ тиісті негізгі көрмеде де айқын суреттермен сипатталды. Конгресс аясында болашақтағы сәулетке арналған балалар көрмесі де өткізілді. Одан басқа форумның күн тәртібіне ХСО жаңа Президентін таңдау мен 2020 жылы ХСО XXVІІ Дүниежүзілік Конгресін өткізу орнын белгілеу кірді. Дауыс беру нәтижелері бойынша ХСО жаңа Президенті болып Малайзия сәулетшісі – Иса Мухаммед сайланды, ал 2020 жылы ХСО XXVІІ Дүниежүзілік Конгресі Рио де Жанейро (Бразилия) қаласында өткізіін болады. Белгілі болғандай, келесі ХСО XXVІ Дүниежүзілік Конгресі 2017 жылы Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында өткізілетін болады. Форум жұмысына қазақстан сәулетшілерінің делегация құрамында «Мемсараптама» РМК-нің де өкілдері С.К.Бекмұхамбетов (Астана қаласы) пен Ш.Д. Карманов (Алматы қаласы) қатысты.