Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшылар күні

2014-08-10
Құрылысшылар күні
Құрылысшылар күні
Құрылысшылар күні 2014 жылғы 8 тамызда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында құрылысшылар күніне және «Мемсараптама» РМК 26-жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Шараға мемлекеттік сараптама жүйесінің ардагерлері мен филиал қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиынды филиал директорының бірінші орынбасары Данияр Шалабекұлы Балтағұлов құттықтау сөзбен ашып, мемлекеттік сараптама жүйесінің өткен тарихы мен жеткен жетістіктеріне тоқталды. Шара барысында бірқатар филиал қызметкерлері «Қазақстан республикасының құрметті құрылысшысы» кеуде белгісімен және «Даңқты Құрылысшы» құрмет белгісімен наградталды. Сондай-ақ, құрметті демалыстағы мемлекеттік сараптама ардагерлеріне алғыс хаттар беріліп, материалдық ынталандырулар жасалды. Жұмыста ерекше көзге түскен филиал қызметкерлері де грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.