Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Шу және діріл, объектілердің санитарлық-қорғау аймағын белгілеу бойынша есептерді қоса, экологиялық есептерді жүргізу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы үшін ЭРА бағдарламалық кешені» тақырыбына семинар

2017-06-20

«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Шу және діріл, объектілердің санитарлық-қорғау аймағын белгілеу бойынша есептерді қоса, экологиялық есептерді жүргізу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы үшін ЭРА бағдарламалық кешені» тақырыбына өңірлік семинарлар өткізілді. Семинарлар төрт кезеңде: 2017 жылғы 17 мамырдан 18 мамырға дейін Астана қаласында; 2017 жылғы 24 мамырдан 25 мамырға дейін Ақтөбе қаласында; 2017 жылғы 1 маусымнан 2 маусымға дейін Өскемен қаласында; 2017 жылғы 14 маусымнан 15 маусымға дейін Шымкент қаласында өткізілді. Семинарлардың қатысушылары – құрылыс жобаларына экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, «Мемсараптама» РМК орталық аппараты және филиалдарының маман-сарапшылары. Семинарларды өткізудің негізгі мақсаты –маман-сарапшылардың ЭРА бағдарламалық кешенімен жұмыстың практикалық дағдысын алуы. Семинар барасында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Экологиялық есеп жүргізу ерекшеліктері. 2. Шу және діріл бойынша есеп. Объектілердің санитарлық-қорғау объектілерін белгілеу. 3. Қазақстан Республикасы үшін ЭРА бағдарламалық кешені: «ЭРА-Ауа», «ЭРА-Шу», «ЭРА-Тәуекелдер» бағдарламалық кешендер. Тәжірибелік сабақ. Семинарлар ЭРА бағдарламалық кешенінің әзірлешілерімен – «Логос-Плюс» ҒӨК ЖШҰ (Новосибирск қ.) және «Баталов Виталий Анатольевич» ЖК (Петропавл қ.) өткізілді. Семинар аяқталысымен қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер берілді.