Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Электрондық мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу» тақырыбындағы семинар

2017-09-14
«Электрондық мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2017 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2017 жылғы 13 қыркүйекте Астана қаласында «Электрондық мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының және филиалдарының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты жұмыскерлері. Семинарда мынадай мәселелер қаралды: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2017 ж. № 384 бұйрығымен бекітілген 2017 жылғы 1 тамызда күшіне енгізілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар. 2. Сатып алу тәсілдері. Сатып алу тәсілін дұрыс таңдау. Сатып алу тәсілдерінің айырмашылығы. Сатып алу ұйымдастырушысы және оның функциялары. Тәсілді таңдауына шағымдануға болады ма? 3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілім. Жаңа тізілімдер түрлерін қарау. 4. Мемлекеттік сатып алу шарты және оның ерекшеліктері. Өзгерістер енгізу мүмкіншіліктері. Мемлекеттік сатып алуды орындауды қамтамасыз ету. 5. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды қарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның іс-әрекеті. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күші жойылды деп тану мүмкіншілігі. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.