Сұрақтарға соңғы жауаптар

«Техникалық реттеу және құрылыс»тақырыбы бойынша V Халықаралық конференция

2017-11-03

2017 жылғы 25-26 қазанда «Техникалық реттеу және құрылыс», «Жобалау, құрылыс салу және пайдаланудың замануи құралы ретінде ақпараттық үлгілеу технологиясы», «Сараптаманың электрондық форматынан цифрлық форматына» бағыттары бойынша мәселелерді талқылауға арналған алаңша болып табылаған V Халықаралық конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасынан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және «Мемсараптама» РМК-нің өкілдері қатысты.
«Мемсараптама» РМК-нің жұмыскерлері «Сараптаманың электрондық форматынан цифрлық форматына», «Шарттарды жасасудың бәсекелестік әдістерін пайдалана отырып, жасалған мердігер шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуына ӨРҰ бақылауының тәжірибелі аспектілері» және «Құрылыстағы сәйкестікті бағалау» (бақылау-қадағалау қызметінің реформалары, «Газпромнефть» ПАО объектілерінде құрылыс бақылауды және тәуелсіз техникалық қадағалауды пайдалану мәселелері айқындалды) дөңгелек үстелге, сондай-ақ «Құрылыс саласында техникалық реттеу саласын жетілдіру мәселелері бойынша Халықаралық ынтымақтастық, мемлекет пен кәсіби бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы» атты пленарлық отырыстағы конференцияға қатысты.
Конференцияда ұсынылған баяндамалардағы мынадай ақпарат ең көп қызығушылық танытты:
1. «ФАУ Главгосэкспертиза России» 2018 жылғы қаңтардан бастап сараптама қорытындыларының бірыңғай мемлекеттік тізілімін енгізеді;
2. Жобалау құжаттамасын электрондық түрде ұсыну үшін жаңа форматтар әзірленді;
3. Сарапшыларға арналған сараптама қызметінің стандарттары ұсынылды;
4. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық сараптама ұйымдарының жобаларға сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуі жоспарлануда.