Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

2017-11-24
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
2017 жылғы 23 қарашада «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында лекция өтті. Іс-шараға «Мемсараптама» РМК-нің ішкі бақылау бөлімі бастығының орынбасары М.А. Тымбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы О.А. Бурханов шақырылды. Филиал директоры А.Ж. Касимов қатысушыларға осы іс-шара Филиал қызметкерлері арасында алдын алу-профилактикалық жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылғанын хабарлады. О.А. Бурханов қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін жеткізді. Сыбайлас жемқорлық күрделі, тарихи өзгермелі, мемлекеттік кедейлікке әкеп соқтыратын, келеңсіз әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді. Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; қоғамдық бақылау институтын енгізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру стратегия міндеттері болып табылады. О.А. Бурханов сөз сөйлегеннен кейін нақты тұлғалардың атқаратын қызметі мен жаза түрлері көрсете отырып, олармен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы бейнероликтер көрсетілді. М.А. Тымбаев «Мемсараптама» РМК-нің ішкі бақылау бөлімінің бірінші кезектегі міндеті Филиал қызметкерлерін заңға қайшы сыбайлас жемқорлық әрекеттерден қауіпсіздендіру екенін айтты. Осындай профилактикалық іс-шаралар жартыжылдықта бір рет өтеді. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.