Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК республикалық жастар семинар-тренингіне қатысты

2019-05-20
«Мемсараптама» РМК республикалық жастар семинар-тренингіне қатысты
«Мемсараптама» РМК республикалық жастар семинар-тренингіне қатысты
«Мемсараптама» РМК республикалық жастар семинар-тренингіне қатысты
14-17 мамырда Қарағанды облысының Қызыл қайың кентінде Құрылыс кешені және ТКШ жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қазақстан жастар жылына орайластырылған іс-шарасы өтті. Тренингке еліміздің 5 солтүстік өңірінің құрылыс кешені мен ТКШ ұйымдарының өкілдері қатысты. Кәсіпорын атынан семинарға автоматтандыру және BIM-технологиялар секторының жетекшісі Серікқалиев Саламат қатысты. Семинар бағдарламасы дебат, топпен жұмыс жасау, таныстырылымдармен сөз сөйлеу, ой-талқы түріндегі интерактивті элементтермен оқытуды қамтыды. Қатысушылардың пікірі бойынша оқу курсы кәсіподақ туралы, ол шешетін міндеттердің деңгейі туралы түсінік берді, жастарды тарта отырып оны жақсарту идеяларын талқылауға алаң ұсынды, әлеуметтік жоба бойынша бастама жасау әдіснамасымен жабдықтады. Бұдан бөлек, тренинг шеңберінде делегаттар ҚР Президентіне үміткер Амангелді Таспиховпен кездесуге қатысты. «Мемсараптама» РМК Салалық кәсіподаққа шақырып, қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.