Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты»

2021-07-13
«Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты»
«Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты»
2021 жылғы 13 шілде күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, сондай-ақ Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының (бұдан әрі - Филиал) 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараттық-ағарту штабы басшысы С.С. Балгимбаевтің және Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Т.Т.Танашовтың қатысуымен «Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында видеоконференцбайланыс (Zoom) арқылы филиал қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел режимінде лекция өтті. Семинар ашылуында Филиал директоры С.О. Лекеров кіріспе сөз сөйлеп, филиал ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар ол Филиалда қызметкерлер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отыратындығы, осыған байланысты түрлі іс-шаралар, оның ішінде лекция-әңгімелесулер, семинарлар т.б. шаралар өткізіліп тұратындығы туралы айта кетті. Одан кейін Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Ақпараттық-ағарту штабы басшысы С.С. Балгимбаев сөз сөйледі. С.С. Балгимбаев өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ескерту, және қылмыстық сыбайлас жемқорлық істерді тергеу екендігін атап өтті. Бүгінгі жүргізіліп отырған семинардың (лекцияның) негізгі көздеген мақсаты – Филиалда сыбайлас жемқорлық жағдаяттарының алдын алу, ескерту. Ол үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 6-бабында көрсетілген шаралар қабылдануы тиіс, сонымен бірге, мұндай форматтағы шаралар жылына 2-3 рет өткізіп тұрғаны жөн екендігін айтты. Сондай-ақ, қызметкерлер назарына мәлімет үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Пара алу» 366-бабында және «Пара беру» 367-бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін белгіленген жауапкершілік шаралары және әкімшілік айыппұлдар айтылып өтті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа сыйлық, ақша, бағалы қағаздар түріндегі 2 АЕК-тен асатын пара алу және беру жатқызылады, ал 2 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 34-тарауына сәйкес әкімшілік айыппұл салу шаралары қолданылатындығын айтып өтті. Сонымен қатар, 2020 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің саны туралы баяндалып, соңынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және филиал қызметкерлерінің ақпараттылығын арттыруға бағытталған бейнеролик көрсетілді. Лекция соңында Филиал директоры Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшылығына аталған шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғыс білдірді.