Сұрақтарға соңғы жауаптар

Сұрақ-жауап

Все вопросы и ответы в одном файле (Скачать).

2018-05-09
Культура

17.11.2017 жылы №01-03/13654 «ОҚО Мақтарал ауданы Қарақай а/о, Қ. Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу» ЖЖ тапсырылған.
27.02.2018 жылы №19-0065/18 оң қорытынды шыққан.
Мемленкеттік сатып алу goszakup.gov.kz порталында "Атқарылған жұмыстар актісіне" техникалық қателіктерге байланысты екі жақты қол қойылмаған. Портал арқалы қол қойылмағандықтан "Атқарылған жұмыс АКТісін" қағаз түрінде қол қойып, мөр басып Сіздерге (Шымкент филиалы арқылы) жолдаған болатынбыз.
Алайда, бүгінгі таңға дейін epsd.kz жеке кабинетінде қорытындыны жүктеп алу мүмкіндігі жоқ.
Сізден өтінерім, 17.11.2017 жылғы №01-03/13654 «ОҚО Мақтарал ауданы Қарақай а/о, Қ. Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу» ЖЖ бойынша шыққан 27.02.2018 жылғы №19-0065/18 оң қорытындыны жүктеуге рұқсат беруді сұраймын.
Рақмет!

2018-06-26

И.Қ.Аққожина- сараптаманы әдістемелік сүйемелдеу және жоба сараптамасының сапа бөлімінің бас маманы жауап береді:

Сәлеметсіз бе, Шалқар!
Сізге сараптама қортындысын жүктеу үшін 2018 жылғы 14 наурызынан рұқсат берілген болатын. Жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, 87172573730 нөмері бойынша техникалық қолдауға хабарласқаныңыз жөн.

2014-08-11

саламатсыз ба шарт бойынша "Аудандық соты аумағын абаттандыру және қоршауын күрделі жөндеу" жұмыс жобасын Маңғыстау облысының мем сараптамасына жұмыс жобасын электронды нұсқасын жолдаған алайда жұмыс жобасын жасақтау санаты қр қбқ 1.02-04-2013 сәкес еместігіне жүгініп қабылдамады осыны қалай түсінуге болады1.02-04-2013

2014-08-19

«Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі
С.Қ. Бекмұхамбетов жауап береді

Жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейі бойынша талаптарға санаты сәйкес келмейтін жобалау қызметін жүзеге асыруға жоба әзірлеушісі лицензия иесі болып табылған жағдайда, санатқа сәйкес келмейтіндігі туралы сөз болуы мүмкін.
Сонымен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 32-бабының 2-тармағына сәйкес жобаның әзірлеушісі тиісті жауапкершілік деңгейіндегі объект бойынша жобалау қызметіне лицензия иеленуші санатына жатқызылуы тиіс.
Құрылыс және қала аумағын жоспарлау жобаланатын объектілерді жауапкершілік деңгейлеріне жатқызу тәртібі ҚР ҚБҚ 1.02-04-2013 талаптарымен белгіленген.
Бұл жағдайда «Мемсараптама» РМК-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалы сараптамаға ұсынылған жобаны мұндай жауапкершілік деңгейіндегі объектінің жобасын әзірлеу үшін талап етілетін әзірлеуші емес, санаты төменірек лицензиар әзірлегенін анық көрсетуі керек еді.

2014-04-18

ДГП казакшасы калай болады?

2014-08-19

«Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі
С.Қ. Бекмұхамбетов жауап береді

Жобаларды мемлекеттік сараптау саласында ДГП аббревиатурасы - Дочернее государственное предприятие дегенді білдіреді. Мемлекеттік тілде ЕМК – Еншілес мемлекеттік кәсіпорын.
Бірақ «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңды енгізгумен және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның күшін жоюына орай, Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) құрылымдық бөлімшелерінің Еншілес мемлекеттік кәсіпорын (ЕМК) сияқты нысандары қолданыстан шығарылды.

2013-03-18

2009 жылдың аяғында 113 млн. теңгенің ПСД құжаттары Атыраугосэксперизадан өткен, тұжырымдары алынған, бірақ қаржы мәселесі шешілмей, объектілер күрделі жөндеуден өтпей қалған.
Биыл 113 млн. теңге бөлінді, осы объектілерге, ақаулық актісі, сметаның тұжырымы 2009 жылғы берілген бар.
Бірақ 3 (үш) жылдың ішінде нарықтың өсуіне байланысты, тапсырыс берушіге не істеуге болады.

2013-04-25

«Мемсараптама» РМК Жобаларды сараптау басқармасы Смета-экономикалық бөлімінің басшысы Л.П. Клевчик жауап береді:

Тапсырысшы мынадай құжаттарды:
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысын;
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысын басшылыққа алуы тиіс.

2012-10-03

Сәлеметсіздерме. Маған Қазақстанда қандай құрылыс материалдары өндіріледі және қай түрлері, осыдан көмек берсеңіздер екен.

2012-10-12

«Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары –
ғалым хатшы С.Қ. Бекмұхамбетовтың жауабы:

Сіздің сұрағыңыз негізінен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзырына кіреді, осы мәселелені осы министрліктен сауал жолдап білуіңізге болады.
Осыған орай айтарым, құрылыс индустриясының кәсіпорындары Қазақстанда өндіретін құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының қандай да бір жалпы республикалық каталогы жоқ. Бірақ әрбір кәсіпорын өз өнімі номенклатурасының прейскуранты мен оның сәйкестігі туралы ақпаратты өзі жүргізеді.

Жаңа комментарий жазу

The content of this field is kept private and will not be shown publicly.