«Мемсарпатама» РМК жүйесінде 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 11 432,279 млрд. теңгеге құрылыстың жалпы мәлімделген сметалық (есептік) құнымен 3 095 бірлік құжаттама қаралды. Оның ішінде 10 610,696 млрд. теңге құрылыстың жалпы сметалық (есептік) құнымен 2 744 бірлігі бекітуге ұсынылды. Сараптама нәтижесінде, көптеген дұрыс орындамаулармен және нормативтік талаптарды бұзушылықтармен сипатталатын жобалау құжаттамасының сапасы төмен болғандықтан 73,861 млрд. теңге жалпы мәлімделген сметалық (есептік) құнымен 351 бірлік құжаттама пысықтауға қайтарылды.