Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің XXXII отырысы

2011-12-02
ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің XXXII отырысы

2011 жылдың мамыр айының соңында Қазақстан елордасы Астана қаласында ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің XXXI отырысы өткен болатын.
Үкіметаралық Кеңестің кезекті XXXII отырысы Армения Республикасының астанасы Ереван қаласында 2011 жылдың 29-30 қарашасы аралығында өтті.
Отырысты Армения қала құрылысы министрі В.Варданян ашты.
Осы ынтымақтастық құрылған кезден бергі соңғы 20 жылдағы ТМД елдеріндегі құрылыс саласын дамыту туралы шолу ақпаратты ТМД Атқару комитетінің бөлім бастығы С.Беленков жасады.
Армения қала құрылысы министрінің орынбасары Р.Алавердян өз баяндамасында Армения, Ресей, Украина, Тәжікстан, Молдова, Қырғызстан және Беларусь қалалары мен елді мекендерін жоспарлауда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін қозғады.
Ресей Федерациясының өңірлік министрі В.Басаргин Ресейде инженерлік іздестірулер мен жобалау құжаттамаларының нәтижесінде мемлекеттік емес сараптама институтын енгізу жөніндегі іс жағдайына тоқталды.
Молдованың Құрылыс және өңірлік даму министрі М.Рэдукан қолданыстағы тұрғын үй қорын жөндеуді қаржыландыру және олардың елдеріндегі оны қаржыландыру, сондай-ақ осы мәселе бойынша өзге ТМД елдеріндегі тәжірибе туралы баяндама жасады.
Украинаның өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары Д.Исаенко Украина құрылыс саласында еурокод халықаралық жүйесін енгізу жөнінде баяндады.
Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрінің бірінші орынбасары И.Архипов «Құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде бизнес жүргізу және инвестициялық климатты қалыптастыру үшін қалыпты жағдай жасау» бойынша баяндама жасады. Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Құрылыс және сәулет жөніндегі агенттік директорының бірінші орынбасары М.Солтонов.
Барлық баяндама бойынша комментарийлерімен Қазақстанның, сондай-ақ Қырғызстанның өкілдері сөз сөйледі.
Үкіметаралық Кеңестің жұмысы шеңберінде делегация басшылары Армения Республикасының Премьер-министрі Т.Саркисянмен кездесті. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы С.Нокимен әңгімелесу нәтижесінде Армения Үкіметі Қазақстанға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша ТКШ саласындағы бағдарламаны қаржыландыру тетіктері жөнінде қазақстандық тәжірибені кеңінен оқып үйрену үшін жұмыс тобын жіберетін болып шешті.
XXXII отырысы соңында Үкіметаралық Кеңес Хатшылығы жұмыс қорытындысы туралы оның басшысы А.Мясников баяндап берді.
Отырыс аяқталған күні әрбір мәселе бойынша шешімдерге қол қойылды. Келесі Үкіметаралық Кеңестің XXXIII отырысы 2012 жылы көктемде Беларусь астанасы Минск қаласында өтетін болды.