Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жаңа әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылуы

2011-12-05
Жаңа әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылуы

2011 жылғы желтоқсанның 2-і күні Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданында «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-ның жаңа әкімшілік ғимараты салатанатты түрде ашылды. Жаңа кеңсе кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен салынды және толықтай техникалық жасақталды.
Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйесінің қызметін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Мемсараптама» РМК жеке материалдық-техникалық базасын және өзінің аумақтық бөлімшелерінің өндірістік инфрақұрылымын жоспарлы дамыту жүргізуде. Ғимараттарды жобалау мен салу бюджет қаражатының немесе өзге де инвестициялардың қатысуынсыз, «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің қаржылық жинағы есебінен тұрғызылуда. Былтырғы жылы «Атыраумемсараптама» ЕМК, Алматы қаласындағы «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік филиалы қоныс тойласа, биылғы жылы бес кеңсенің құрылысы саланып бітті. Бұдан басқа Шымкент қаласындағы «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК, Өскемен, Талдықорған және Қарағанды қалаларында да жаңа кеңселер ашылады. 2012 жылы тағы 8 ғимарат пайдалануға беріледі.