Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

2011-12-06
ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

2011 жылғы желтоқсанның 5-6-ында Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған инновациялық форум мен инновациялық жобалар көрмесіне «Мемсараптама» РМК-ның қызметкерлері де қатысты.
Форумды ұйымдастырушылар – «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен.
Форум шеңберінде ҚР Премьер-министрінің қатысумен мына тақырыптарға отырыстар болды: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылындағы инновациялық даму динамикасы», Қазақстан лин-форумы, технологиялық форсайт (болжау) бойынша халықаралық конференция, «Форсайт болашақты жақындату құралы ретінде», «Қазақстан Республикасындағы технология мен зияткерлік меншікті коммерциаландыру жүйесі», футурология бойынша «Футурологтардың көзқарастары бойынша 20 жылдан кейінгі инновациялы болашақ» атты дөңгелек үстел өтті.