Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Чех Республикасында өткен оқу семинары

2011-12-21
Чех Республикасында өткен оқу семинары

2011 жылдың 15-19 желтоқсаны аралығында Чех Республикасының Прага қаласында әртүрлі елдерден келген мамандарды геосинтетикалық материалдарды пайдаланып жол төсемесі мен жасанды құрылыстарды есептеу және жобалаудың қазіргі тәсілдері, сондай-ақ осы материалдарды пайдаланып құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау технологияларына оқыту бойынша семинар өтті.
Оқу семинарын көрсетілген материалдар мен технологияларды әзірлеуші «Tensar International, s.r.o.» чех фирмасы ұйымдастырды. Бұдан басқа, семинар бағдарламасына сәйкес армотопырақты тіреуіш қабырғаны жобалау мен салу, нашар топырақты негізді бекіту, жер «Tensar International, s.r.o.» фирмасы әзірлеген технология бойынша күрделі жағдайлардағы жабынның орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды, сондай-ақ Чехия, Словакия мен Польшада салынып жатқан автожол инфрақұрылымы объектілерінде болған.
Семинарға қазақстандық мамандар атынан «Мемсараптама» РМК-ның көлік секторының сарапшылары қатысты.