Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» семинар-жиналыс

2012-05-04
«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» семинар-жиналыс

«Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 106-ө Өкімін іске асыру шеңберінде Алматы қаласында 2012 жылдың 26 сәуірде мүдделі органдардың, кәсіби қоғамдық бірлестіктердің, профильді жобалау институттарының және баспасөз ақпарат құралдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-жиналыс өтті.
Семинар-жиналысқа «Мемсараптама» РМК-ның Алматы және Астана филиалдарының директорлары А.А.Кенжетаев пен Ш.Д.Қарманов қатысты.
Жиналысты Алматы қаласы әкімінің орынасары В.А.Долженков ашты.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Әкімжанов сөз сөйлеп 2013 жылы Бас схеманы әзірлеуді аяқтау туралы міндет қойды.
Семинар-жиналысты қорытындылаған Ж.Әкімжанов ҚР аумағында Бас схеманы кешенді әзірлеуді ұйымдастырудың мемлекеттік маңызын мен әлеуметтік маңыздылығы атап өтті.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Астана мен Алматы қалаларында осындай семинар-жиналыстарды тұрақты тоқсан сайын өткізіп тұруды және бұқара қатысуы үшін ашық есік күндерін өткізуді қолдайды.
Ж.Әкімжанов – жиналысқа қатысушылардың айтқан сын ескертпелері мен ұсыныстарын Бас схеманы әзірлеушілер қарайтынына және ескеретініне сендірді.