Вход в систему

Опрос

Удобен ли в использовании портал электронной сдачи ПСД?:

Последние ответы на вопросы

Қазақстан Республикасының жобалық ұйымдардың инженерлері мен «Мемсараптама»РМК аумақтық құрылымдарының мамандарына арналған: «ҚР құрылыстық өнімдердің бағаларының құрылуын реформалау» тақырыбында екі күндік семинар өтті.

2012-05-07

Aлматы қ. 2012 жылғы 3-4 мамырда Қазақстан Республикасының жобалық ұйымдардың инженерлері мен «Мемсараптама»РМК аумақтық құрылымдарының мамандарына арналған: «ҚР құрылыстық өнімдердің бағаларының құрылуын реформалау» тақырыбында екі күндік семинар өтті.
Семинарды «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен «Мемсараптама» РМК оңтүстік филиалы ұйымдастырды.
Семинардың негізгі тақырыбында - ҚР құрылыстық өнімдер бағасының құрылуы және олардың ЖСҚ әзірлеудегі маңыздығы, материалдар бағаларының анықталуының қажеттілігі және - ҚР аумақтарында сала бойынша бағалардың жиынтығы және дайын жобалардың аналогтарын қолдану.
2011 жылы жобалық ұйымдарымен жіберілген қателіктер бойынша «Мемсараптама» РМК мониторинг жүргізіп, оның нәтижесінде жетіспеушілік пен кемшіліктерінің негіздерін тапқан – бұл ЖСҚ әзірленуіне берілген тапсырмаларының сапасыздығы. Осыған байланысты, Тапсырушыларға көмек ретінде, жобалық ұйымдардың тапсырмалары жоспарланатын нысаннның сипаттамасы ескеріле отырып, толық және мүқият түрде дайындалуы жөнінде кеңес берілді .
Сонымен қатар, семинарда энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаның мәселелері зерделеніп, Тапсырушыларға энергияның тиімді технологияларын қолданудағы бағалардың азғана жоғарлауына қарамастан, нысанның келесідегі пайдалану бағасы төмендейтінін көрсете отырып жобалық ұйымдар бұл процесске белсене қатысулары қажет екендігі жеткізілді.
Семинардың соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының кәсіби мамандарының біліктілігін көтеретін осындай іс- шара жүргізгендеріне ризашылығын білдірді.