Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тұрба құбырларының балама технологияларымен салыстырғандағы ВЧШГ тұрба құбырлары

2012-05-28
Тұрба құбырларының балама технологияларымен салыстырғандағы ВЧШГ тұрба құбырлары

2012 жылдың 22 мамырында француз концернінің Saint-Gobain РАМ ресми дистрибьютері «Мастерпайп» (Masterpipe) компаниясы «Мемсараптама» РМК-ның инженерлік желілер мен құрылыстар мамандарына арнап «Тұрба құбырларының балама технологияларымен салыстырғандағы ВЧШГ-ның тұрба құбырлары» атты семинар өткізді. Семинарға қатысушыларды сумен жабдықтау және кәріздің сыртқы желілерін жобалау мен салудың еуропалық технологияларымен, сондай-ақ инженерлік желілерді пайдалану саласында әлемдік тенденциялармен таныстырды. Семинар барысында күрделі топырақ жағдайында әсіресе сейсмикасы белсенді аудандарда тұрба құбырын жүргізу сипаттамасы қаралды, сондай-ақ су құбырлары мен кәрізде ВЧШГ тұрбаларын пайдалану басымдығы көрсетіліп, оның арасында ұзақ төзімді, берік монтаждау оңай және арзанырақ екендігіне көз жеткізілді.