Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемемсараптама» РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалының жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы

2012-08-08

2012 жылғы 3 тамызда «Мемемсараптама» РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалының жаңа әкімшілік ғимараты салтанатты түрде ашылды. Жаңа кеңсе кәсіпорынның жеке қаржысы есебінен салынды және толықтай техникалық жинақталды. Құрылыстың жалпы алаңы 612,35 шаршы метрді құрайды.
Ғимаратты жобалау мен салу бюджет қаржысының немесе шеттен тартылған өзге де инвестициялардың қатысуынсыз, тек «Мемсараптама» РМК мен оның бөлімшелерінің заңды белгіленген қаржылық жинағы есебінен жүзеге асырылды. Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы жүйесін жетілдірудің үшжылдық бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК өзінің аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын және өндірістік инфрақұрылымын жоспарлы дамытуды жүргізуде. Барлық жаңа әкімшілік ғимараттар замануи компьютер техникаларымен және бағдарламалармен жинақталуда.
Өткен жылы Шымкент қаласындағы «Оңтүстікмемсараптама» ЕМК, Атырау қаласындағы «Атыраумемсараптама» ЕМК, «Мемсараптама» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы, Тараз және Қарағанды қалаларындағы сараптама бөлімшелері қоныстойын тойлады. Осы жылы пайдалануға Талдықорған қаласындағы «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК-ның, Өскемен қаласындағы «Шығысмемсараптама» ЕМК-ның кеңселері берілді.