Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Аумақтық жоспарлау және аумақтардың жайғасымы»

2013-03-29
«Аумақтық жоспарлау және аумақтардың жайғасымы»
«Мемсараптама» РМК-нің 2013 жылға бекітілген мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес сәулет-жоспарлау бөлімінің мамандары 2013 жылғы наурыздың 19-ынан 23-і аралығында «Прогресс» ғылыми-техникалық ақпарат орталығының (ҒТАО) оқу ғимаратында ұйымдастырылған семинарда болып қайтты. Семинар тақырыбы «Аумақтық жоспарлау және аумақтардың жайғасымы». Семинарға қатысушыларға танысу және талқылау үшін келесі мәселелер бойынша ақпарат ұсынылды: 1. Қала құрылысы қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Қала құрылысын реттеу және аумақтарды мемлекеттік қала құрылысын басқару тетіктері. Қала құрылысы қызметін реттейтін негізгі федералды, аймақтық, жергілікті НҚА. 2. Қала құрылысы құжаттамасының түрлері және құрылымы. Оны әзірлеудің мақсаттары мен міндеттері. 3. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырма. Практикум: Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырманы әзірлеу. 4. Аумақтық жоспарлау, елдендірудің бас жоспарлары, жайғасым жобалары, межелеу жобалары нобайларын әзірлеуге арналған бастапқы деректер. Бастапқы деректерге қойылатын талаптар, оларды алу көздері. Аумақтық жоспарлау нобайларын әзірлеуге арналған бастапқы деректерді жинау тақырыбы бойынша практикум. 5. Қала құрылысы қызметін қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ҚҚҚАЖ) – қалыптастыру және тиімді жүргізу қағидалары. ҚҚҚАЖ қала құрылысы құжаттамасын дайындауды қамтамасыз етудің құралы ретінде. 6. Аумақтық жоспарлау құжаттарының құрамы және мазмұны. Аумақтардың жайғасымы жөніндегі құжаттарды инвестициялық үдерістерде пайдалану. 7. Қала құрылысын зоналарға бөлу және аумақтардың жайғасымы жөніндегі құжаттаманың құрамы және мазмұны. 8. Мамандардың құрамы мен біліктілігіне, қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге арналған ұйымның техникалық жабдықталуына талаптар. 9. Келісу комиссиясының жұмысы, негізгі ескертпелер. Қала құрылысы құжаттамасын бекіту тәртібі және рәсімі. 10. РФ Қала құрылысы Кодексіне сәйкес қоғамдық тыңдау жүргізу рәсімі. Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға қысқа мерзімді біліктілігін арттыру туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік берілді.