Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Наурыз

2013-03-26
Наурыз

2013 жылғы 20 наурызда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізілді.
Наурыз – көктемгі жаңару, жеміс салу және достық мерекесі, сонымен бірге бұл қазақ халқының мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Іс-шара барысында бөлімдер арасында ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша және қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарын, осы мейрамның тарихын білу бойынша әр түрлі жарыстар ұйымдастырылды.Филиал қызметкерлерінің күшімен әзірленген концерттік бағдарламада қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлерінен «Сырға салу», «Құда түсу», «Қыз ұзату», «Бет ашар» сияқты көріністер қойылып, әр түрлі әндер, билермен бірге домбыра мен қобыз үні тамашаланды.
Жарыс нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға грамоталар мен құнды сыйлықтар берілді.