Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Су Арнасы- VІ-Халықаралық көрме және конференция

2013-05-20
Су Арнасы- VІ-Халықаралық көрме және конференция
2013 жылғы 15-17 мамыр аралығында «Көрме» көрме орталығында (Астана қаласы, сол жағалау) «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар ассоциациясы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы «Суды пайдалану: іс жүзіндегі жағдай, проблемалар және келешек» атты Су Арнасы -VІ-Халықаралық көрме және конференциясын өткізді. Көрмеде су дайындау және ағынды суды тазартудың замануи технологиялары, су құбыры және канализация шаруашылығына арналған жаңа материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Конференцияда республиканың қалалары мен елді мекендерін сенімді сумен қамтамасыз етуіне, тұтынушыларды сапалы сумен жабдықтау және су бұруға қатысты мәселелер талқыланды. Көрмеде әлемнің 10 елінің 70-тен астам фирмалары және компаниялары ұсынылды. Сонымен қатар Халықаралық көрме-конференцияға «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорнының және филиалдарының инженерлік желілері және құрылыстары бөлімдерінің сарапшылары да қатысты.