Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ғимараттар мен имараттарды мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау» семинары

2013-05-24
«Ғимараттар  мен имараттарды мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау» семинары
«Мемсаратама» РМК Алматы қаласындағы филиалында 2013 жылғы 24 мамырда ғимараттарды (әкімшілік, тұрғын және өнеркәсіптік маңызы бар), жер асты (туннельдер) және жер үсті (көпірлер мен өткелдер) имараттарды мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Осы шараның бастаушысы – міндеті жұмыс жобасындағы «Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» бөлімін дайындау сатысынан бастап, жабдықты жеткізумен, іске қосу жұмыстарымен, кейін оларды сүйемелдеумен аяқталатын, құрылыс нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың мониторинг жүйесін жиынтықтау бойынша мамандандырылған компания «MonitoringSystemsGroup» ЖШС болып табылады. Кездесуге шақырылғандардың арасында «Метрополитен» МКК, «Казтелерадио» АҚ, «Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ компанияларының өкілдері мен «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері болды. Семинар барысында «MonitoringSystemsGroup» өкілдері ғимараттар мен имараттарды, құбырларды, су сақтайтын орындарды, бөгеттер мен туннельдерді мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтаудың мақсаттылығын, өзектілігі мен тиімділігін жеткізуге тырысты.