Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес туралы ақпарат

2013-08-15
2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес туралы ақпарат
2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес туралы ақпарат
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – филиал) а.ж. 14 тамызда «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсынған кезде жобалық мекемелерінің жіберген бұзушылықтары мен мемлекеттік нормативтер талаптарынан ауытқушылықтары және жобалық мекемелерінің әрекеттегі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жабдықтар мен материалдар нұсқаларын сапалы салыстыруын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік нормативтер мен бұйрықтарға өзгерістер және толықтырулар енгізу мәселесі сөз етілген. Дөңгелек үстел тәртібінде өткізілген кеңесте қатысқандар: 1. Филиалдан: Лекеров С.О. – директор; Қандығұлов Қ.Қ. – директордың орынбасары; Көздібаева С.Р. – инженерлік желілер мен құрылыстар секторының басшысы және Башигулов Р.Ғ. – сметалық-экономикалық секторының басшысы. 2. Ақтөбе облысының бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінен, тапсырысшылардан (ММ): Жұбанышов Ж.А. – Ақтөбе облысының энергетика және ТҮШ басқармасы басшысының орынбасары; Мұздыбаев Е.М. – Ақтөбе облысының энергетика және ТҮШ басқармасының коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы; Ажғалиева З.Р. – Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының жобалау нормалары мен сметалық нормалар бөлімі басшысы; Хайруллина Э.М. – «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы. Сонымен қатар, «Ақбұлақ» салалық бағдарламасына қатысты жобалау жұмыстарын жүзеге асыратын Ақтөбе облысының 5 жобалық мекемесінің басшылары мен мамандары шақырылды. Кеңесте сөз еткендер: «Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы, соның ішінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша, әзірлеу, келісу, сараптама жүргізу және бекіту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР әрекеттегі заңнамасы мен өзге нормативтік құқықтық актілері талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы», «Жобаланатын және құрылыстағы ғимараттар мен имараттардың жауапкершілік деңгейін анықтау үшін кейбір мемлекеттік нормативтерге, атап айтқанда Агенттік Төрағасының «Ақбұлақ» ауыз сумен қамтудың салалық бағдарламасын жүзеге асыру және жобалау сапасын арттыру шаралары туралы» 2011 жылғы 25 шілдедегі бұйрығына және ҚР ҚБҚ 1.02-04-2013 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Лекеров С.О., Қандығұлов Қ.Қ.; «Мемсараптама қарастыруындағы Ақбұлақ бағдарламасы бойынша ЖСҚ жайында талдау туралы», «Ведомстволық салалық институтына ұсынатын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ЖСҚ-дағы түрлі жабдықтаушыларымен сол бір маркалар жабдығының нұсқаларын салыстыру бөлігінде жиі жіберілетін бұзушылықтар, ауытқушылықтар және жүйелі түрде қайталанатын қателері туралы» Көздібаева С.Р. және Башигулов Р.Ғ.; «Ұсынбалы материалдар мен жабдықтарды ведомстволық институтымен ABC-4 және SANA бағдарламасына енгізу қажеттілігі туралы» бюджеттік бағдарламалар әкімгерлер, тапсырысшылардың (ММ) және жобалау мекемелерінің басшылары мен өкілдері. Семинар қатысушыларымен жобаларды әзірлеу кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру мәселелері қозғалынып талқыланды. Кеңес нәтижелері бойынша, қатысушылар ортақ істі жалғастыру қажеттілігі, сонымен бірге, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсыну кезінде бағышты ауытқушылықтарға назар аудару және жабдықтар нұсқаларын салыстыру кезінде қолайлы тәсілдің бірі келтірінді шығындардың ең кіші мөлшерді және материалдық қорларды, еңбек шығындарын, электроэнергияны, май, қызмет ету мерзімі, сервис орталығы мен қазақстандық қамтудың бар болуын есепке ала отырып анықтау бойынша шаралар қолдануды шешті. Одан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында ҚР әрекеттегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларына уақытында әрекет ету.