Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Конституция күні!

2013-08-29
Конституция күні!
Конституция күні!
Конституция күні!
2013 жылғы 29 тамызда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік жиын өтті. Іс шараға филиалдың барлық қызметкерлері қатысты. Салтанатты бөлігі ҚР мемлекеттік әнұранын орындауымен басталып, филиал директорының құттықтау сөздерімен жалғасып келді, бұдан басқа, ҚР Президенттің сөздері болып табылатын Конституциямыздың кіріспе сөздері оқытылған болатын. Сонымен бірге, Тәуелсіз Республикамыз, ҚР Конституция күнінің шығу тарихы және Конституцияның өзі – мемлекеттің басты, негізгі заңы жайында баяндама оқытылды. Ақпаратты-мазмұнды баяндама филиал қызметкерлері ұсынған фотосуреттер бойынша ҚР мемлекеттік қайраткерлерін табуды қажет ететін «Өкімет басшыларын жүзінен танисыз ба?» атты тапсырмамен жалғасты. Жалпы, іс шара патриоттық бағытта және салтанатты түрде өтті.