Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан, Украина, Беларусь және Ресей экономикасы көшбасшыларын жыл сайынғы марапаттау салтанаты

2013-09-09
Қазақстан, Украина, Беларусь және Ресей экономикасы көшбасшыларын  жыл сайынғы марапаттау салтанаты
Қазақстан, Украина, Беларусь және Ресей экономикасы көшбасшыларын  жыл сайынғы марапаттау салтанаты
2013 жылғы 29 тамыз күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан, Украина, Беларусь және Ресей экономикасы көшбасшыларын марапаттаудың жыл сайынғы X салтанаты өтті. Шараны ұлттық бизнес-рейтингтер Одағымен бірлесе Ұлттық Бизнес Рейтингісі және Ресей мен Украина статистика зерттеулерінің ғылыми-ақпараттық орталығы ұйымдастырды. Марапаттау салтанатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрт елдің 300 таңдаулы кәсіпорнынан шамамен 900 өкіл қатысты. Ұлттық Бизнес Рейтингісінің Федералды Сертификаттары және Экономика Көшбасысы бейнеленген қабырға медальдары көп уақыттан бері кәсіпорын үздіктігінің баламасы, Ұлттық Бизнес Рейтингілерінің Халықаралық одағынан тәуелсіз және жалпыұлттық бөлісудің әр қатысушы еліндегі экономикадағы нағыз көшбасшының жоғары беделі белгісі болып келеді. 2013 жылғы 29 тамызда өткен эономика Көшбасшыларын марапаттау салтанатында ресми статистика нәтижелері бойынша өз саласында үздік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер көрсеткен кәсіпорындарға құрмет сертификаттары және «Сала көшбасшысы», «Жылдың үздік маманы», «Жылдың үздік жетекшісі», «Қаржы және аудит саласындағы үздік маман» сынды қабырға медальдары тапсырылды. «Мемсараптама» РМК «Кірістілік көрсеткіші» мен «Өтемпаздық көрсеткіші» белгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы рейтингтегі 1 орынға «Сала Көшбасшысы 2013» ұлттық сертификатына және «Сала Көшбасшысы 2013» қабырға медаліне ие болды.