Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

AutoCAD 2014 и Ситис Солярис бойынша оқу курстары

2013-08-19
AutoCAD 2014 и Ситис Солярис бойынша оқу курстары
AutoCAD 2014 и Ситис Солярис бойынша оқу курстары
2013 жылдың 1-ші шілдесінен 5-ші шілдесіне дейін «Мемсараптама» РМК ғимаратында AutoCAD 2014 және Ситис Солярис бағдарламасын оқу бойынша оқыту курсы жүргізілді. Аталған курсқа «Мемсараптама» РМК-ның СҚО бойынша филиалының өндірістік бөлімінің сәулет-құрылымдау секторының жетекші маманы қатысты. AutoCAD бағдарламасы қағазда немесе электронды түрде кез келген қиындықтағы графикалық құжаттарды синтездеуге, редакциялауға, сақтауға және көшірмесін алуға болатын қазіргі заманға сай автоматтандырылған жобалаудың (САПР) қуатты, стандартталған графикалық жүйесі болып табылады. Оқу курсында жұмыс терезесінің негізгі элементтері, Автокад құралдарының панельдері, модель кеңістігі, МеСт сәйкес рәсімдеу, жобаларды басуға шығару, ауқымдарды есептеу және де жұмыс сызбаларын орындау барысында қажетті басқа да пайдалы ақпараттар көрсетіліп оқытылды. Оқыту аралығында мамандар оқытылған курсты толық ауқымда меңгерді. Оқу қорытындылары бойынша біздің маман емтиханды сәтті тапсырып, сетртификатқа ие болды.