Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ

2014-05-30
 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ
2014 жылға арналған қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату Жоспарына сәйкес, «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының өндірістік бөлім бастығы Көбеева Гүлмира Ғазизқызы 2014 ж. 19-20 мамыр аралығында «KAZGOR» ЖА ұйымдастырған «Жаңа жағдайда жобалау-құрылыс қызметін нормативтік реттеу туралы» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Семинар барысында құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін дамыту, қолданыстағы НТҚ мемлекеттік жүйесінің ерекшеліктері, Қазақстанның халықаралық және аймақтың стандарттарға қатысу тәжірибесі, жобалау-құрылыс кешені қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелері қаралды. 2014 ж. 24-25 сәуір күндері бас маман-заңгер Байгонусова Қ.Т. Астана қаласындағы ҚазГЗУ ұйымдастырған «Шарттық құқық, мекемеде шарттық жұмысты басқару. Талап-арыз жұмысы, сот тәжірибесінің маңызды мәселелері. Дебиторлық қарызды басқару» тақырыбына өткен семинарға қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.