Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде сызбаларды, электрондық модельдерді жасау және инженерлік есеп орындау үшін геоақпараттық технологиялар»

2014-05-23
«Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде сызбаларды, электрондық модельдерді жасау және инженерлік есеп орындау үшін геоақпараттық технологиялар»
«Мемсараптама» РМК-нің кадр саясатына және 2014 жылға арналған біліктілікті көтеру жоспарына сәйкес, 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында «Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде сызбаларды, электрондық модельдерді жасау және инженерлік есеп орындау үшін геоақпараттық нехнологиялар» тақырыбына семинар өткізілді. Семинар Санкт-Петербургтен келген техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Г.Г.Крицкийдің басшылығымен «Мемсараптама» РМК филиалдары арасында өтті. Семинар өткізудің негізгі мақсаты – «Политерм» ЖШҚ әзірлеген «Zulu» компьютерлік ақпараттық жүйемен таныстыру. «Zulu» географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) арқылы топологиясы көмегімен инженерлік желілердің жоспарлар мен сызбаларын қоса, түрлі карталарды, сызбаларды, жоспарларды жасау, тізімдемелермен жұмыс істеу, мәлімет алуға болады. ГАЖ-ды аймақтың тап сол жеріне инженерлік желілер, көшелер, үйлер, басқа мекемелердің желілері салынған ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде пайдалану қолайлығы анық. ГАЖ желілерді аумаққа байланыстыруға, оларға атрибуттық ақпаратты қосуға, кеңістікті сұраныстарды орындауға, ақпаратты басуға және т.б. мүмкіндік береді. Zulu ГАЖ-ы көп таралған Microsoft Office-ке менюі мен құралдар жинақтамасы жағынан ұқсас. Zulu ГАЖ базасында инженерлік желілер есебінің жиынтықтары жұмыс істейді: - ZuluThermo – жылумен жабдықтау жүйесінің есебі; - ZuluHydro – Сумен жабдықтау мен кәріз жүйелерінің есебі; - ZuluSteam – бумен жабдықтау жүйесінің есебі; - ZuluGaz – газбен қамту жүйесінің есебі. Семинар аяқталғаннан кейін, ұйымдастырушылар келесі семинарды Санкт-Петербург қаласында өткізуге ұсыныс берді.