Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде схема, электронды модельдер құру және инженерлік есептер орындауға арналған геоақпараттық технология» тақырыбына өткен семинар

2014-05-25
Қызметкерлердің біліктілігін көтеру, иженерлік инфрақұрылым жобаларының сараптамасы бойынша сарапшылар жұмысын автоматтандыру, Астана қаласында өткізілген сараптама сапасын жақсарту мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің бас кәсіпорнында 2014 жылдың 21-22 маусым аралығында «Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде схема, электронды модельдер құру және инженерлік есептер орындауға арналған геоақпараттық технология» тақырыбына инженерлік желілер бойынша (жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, және су бұру) «Мемсараптама» РМК-нің аумақтық бөлімшелері сарапшылардың қатысуымен республикалық семинар өтті. «ZULU» бағдарламалық кешенін әзірлеушілердің өкілі техника ғылымының кандидаты, доцент Григорий Григорьевич Крицкий және «Аудит Политерм» АҚБ бас директоры Николай Николаевич Кузьмин республикалық семинарды өткізді. Семинардың негізгі мақсаты- «Аудит Политерм» АҚБ әзілеген «ZULU» компьютерлік ақпараттық жүйесін меңгеру. Семинар мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде «ZULU» бағдарламалық кешенін қолдану оң мүмкіндіктер беретінін көрсетті және сарапшылардың қызығушылын тудырды. Семинар барысында сарапшылар өздерін қызықтыратын мәселелерге жауап алды, сондай-ақ есептеулер жүргізуге нақты практикалық көмек көрсетті.