Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің ардагерлер кеңесі

2014-08-12
«Мемсараптама» РМК-нің ардагерлер кеңесі
«Құрылысшылар күнін» мерекелеуге орайластырылған шаралардың бірі «Мемсараптама» РМК-нің ардагерлер кеңесін құру болып табылды. Ардагерлер кеңесі қызметінің негізгі мақсаты – Кәсіпорынның қоғамдық және сарапшылық қызметін дамытудың маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарын дайындау. Ардагерлер кеңесінің негізгі мақсаты: 1) Кәсіпорын мен оның филиалдарының қызметкерлерін кеуде белгілерімен және медальдармен марапаттауға ұсыну үшін ұсыныстар мен ұсынымдарды жасау; 2) Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын даулы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау; 3) Кәсіпорынның сарапшылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жасау; 4) Кәсіпорынның күнделікті қоғамдық өміріне қатысу; 5) жастармен жұмыс жүргізу, оларға кәсіби тәжірибелерін, таңдаулы еңбек жолдарын беру, тәлімгерлік ету, қызметкерлерді кәсіби тәрбилеу; 6) Кәсіпорынның тарихы туралы мәліметтерді жинау, Кәсіпорынның мұражай-мұрағатын құру (ардагерлерді тарих мұражайы жұмысына қатысуға жұмылдыру, олардың мұражай қорына құжаттарды, белгілі тарихи мүддені ұсынатын суреттер немесе экспонаттарды беруі, мұражай экспозициясын сақтау мен рәсімдеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу). 7) мемлекеттік өкіметтің мүдделі органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, ғылыми, білім беру, спорттық және сараптау жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған күштерді біріктіру бойынша басқа да мекемелермен өзара көмектесе әрекет жасауға қатысу; Ардагерлер кеңесі мен оның құрамы туралы ереже «Құрылысшылар күнін» мерекелеуге арналған салтанатты жиында ағымдағы жылдың 8 тамызында бекітілді. Ардагерлер кеңесінің құрамына бұрын Кәсіпорында жұмыс істеп зейнетақыға шыққан аса белсенді және беделді зейнеткерлер кірді. Ардагерлер кеңесі мүшелерінің саны 30 жуық адам. Ардагерлер кеңесінің қатысқан мүшелеріне Кәсіпорынның тиісті куәлігі мен белгісі берілді.