Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшы күні!

2014-08-16
Құрылысшы күні!
Құрылысшы күні!
Құрылыс саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі – Құрылысшы күнін тойлау шеңберінде, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлері Ақтөбе қаласының жасыл желекті аймағында орналасқан «Солнечный» демалыс орнының мәдени ойын-сауық спорт кешеніне барып, бірқатар іс шара өткізді. Іс шра келесі спорт түрлері бойынша жарыс түрінде өтті: волейбол, үстел теннисі және спорт-ойындық эстафета. Филиал қызметкерлері 2 командаға бөлініп (жас ерекшелігіне қарай), ең спортты және тапқыр команда атына күресті. Күннің бірінші жартысында ойыншылар волейбол бойынша біріншілікке және «Ең үздік волейбол командасы» атағына күресін бастады. Ең қызығы қатысушылар өздерін спорт жағынан ғана қоймай, қиялдарын танытқан спорт-ойындық эстафета өткен күннің екінші жартысында болды. Үстел теннисі турнирінің жеңіскері жарыстың Үздік теннис ойыншысы атағына ие болған жинақтау бөлімінің басшысы болды. Күн соңында марапаттау рәсімі өтіп, жеңіскерлерге мадақтама және ескерткіш сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша сыйлықтар мен мадақтамалар берілді: «Ең үздік волейбол командасы», «Ең үздік үстел теннис ойыншысы», «Ең белсеңді ойыншы».