Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

www.epsd.kz порталымен жұмыс жасау бойынша кезекті оқыту

2014-05-30
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша департаменті» РММ жетекшісінің өтініші бойынша аталған мекеме жұмыскерлеріне электронды түрде жобалау-сметалық құжаттаманы тапсыру бойынша консультациялық қызмет көрсету түрі ұйымдастырылды, кәсіпорынның жүйелік әкімшісі www.epsd.kz порталымен жұмыс жасауға түсініктеме берді. И.И. Нечаев – Өтініштерді беру, жобалау-сметалық құжаттаманы және бастапқы-рұқсат беруші құжаттарды ұсыну интернет- порталдағы (www.epsd.kz) «жеке кабинет» қызметін жүргізу арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Интернет-порталда жұмысты бастау үшін тіркеуден өтіп, электронды түрде тапсырылатын құжаттарға арналған талаптармен танысу қажет. Аталған талаптар интернет-порталдың бас парағында орналастырылған. Аталған қызметтерді жүзеге асыру біртұтас электронды ақпараттар базасын жүргізумен мемлекеттік сараптамаға жобалау құжаттаманы тапсыру барысында өтініш берушімен тиімді интерактивті өзараәрекеттесуді ұйымдастыруға, жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізуге өтініш берудің және қарастыру мерзімдерін қысқартуға, өтініш берушіге өздігінен (интернет-порталдың дербес кабинеті арқылы) мемлекеттік сараптама жүргізу барысын бақылауға мүмкіндік береді. Құжаттаманы электронды түрде интернет-портал арқылы тапсыру өтініш берушінің міндетті түрде ҚР Ұлттық куәландыру орталығы арқылы ресми жолмен алған электронды-цифрлық қолтаңбаның болуын қарастырады. «Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба» Қазақстан Республикасы Заңының 10 баб. 1 тармағына сәйкес Электронды цифрлық қолтаңба қол қойған тұлғаның өз қолымен қойған қолға теңестіріледі және бірдей заңдық күштері бар. Электронды форматта құжаттаманы тапсыруға талаптар, қажетті бастапқы –рұқсат беруші құжаттаманың тізбесі, порталмен жұмыс жасау бойынша нұсқаулар және басқа да қажетті ақпаратты «Мемсараптама» РМК-ның (www.epsd.kz) ресми сайтында табуға болады. Барлық негізгі жұмыс кезеңдері қарастырылды, атап айтсақ: 1. www.epsd.kz тестілеу порталында тіркеу процесі. 2. Мемлекеттік сараптама жүргізуге объектіні әзірлеу. 3. Объектіге жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту. 4. Объект құжаттамасына электронды цифрлы қолтаңба қою. 5. Объектіні мемлекеттік сараптама жүргізуге жіберу. 6. ЭЦҚ арқылы шартқа қол қою. 7. Объект бойынша ескертпелер алу. 8. Объект бойынша жойылған ескертпелер бойынша жауаптарды жіберу. 9. Мемлекеттік сараптаманың аяқталуын күту. 10. Объект бойынша оң қорытындыға қол қою. Аталған оқыту аяқталысымен қатысушылар «Мемсараптама» РМК-ның жоғарыда аталған электронды қызметтерін жүзеге асыру жобалау-сметалық қарастыруға тапсыру мерзімін маңызды қысқартуға, сонымен қатар, өтініш берушіге өздігінен, арақашықтықтан, мемлекеттік сараптама жүргізу барысын қадағалауға мүмкіндік беретіні туралы атап өтілді.