Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Наурыз думан-2015

2015-03-31
Наурыз думан-2015

2015 жылғы 20 наурызда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында Наурыз мейрамын тойлаудың жыл сайынғы дәстүріне айналған филиал бөлімдерінің қызметкерлері арасында байқау түрінде өтетін «Наурыз думан-2015» мерекелік концерт өтті.
Жүлделі бірінші орынға 4 өндірістік бөлім және әкімшілік-басқару ұжымы (ӘБҰ) қызметкерлерінен тұратын 5 команда күресті. Байқау шарттары бойынша әр бөлім Наурыз мейрамы тақырыбына концерттік нөмір көрсетіп, құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылар көмегіне олардың балалары келіп, концерттік нөмірлерге қатысты.
Бес команданың барлығы да қазақ өлеңдерін орындау, би билеу, өлең оқу шеберлігі мен сөзшеңдігін көрсетті. Қатысушылар көрсеткен концерттік нөмірлері мерекелік іс шара тақырыбын ашып, бүкіл халықтың көктемнің жаңару мерекесі болып табылатын Наурыз мейрамына негізделген тұрмыстық және рухани мәнді айқындай түсті.
Байқау нәтижелеріне сәйкес қазылар алқасы 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар беріп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, байқау қатысушыларына келесі номинациялар бойынша сыйлықтар берілді: «Үздік ұлттық киім», «Ең шығармашылық бөлім», «Ең дарынды қатысушы», «Үздік құттықтау».