Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2016 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде ақпараты

2017-03-15
2016 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде ақпараты
2016 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде ақпараты
«Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Ж. Қарағойшинмен бекітілген Жобалау және сараптама қызметін одан әрі дамыту бойынша Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдіктерімен бірлесіп жиналыс өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы 2017 жылғы 10 наурызда Ақтөбе облыстық әкімдікте өткізілген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу сапасын көтеру және мемлекеттік қаражатты үнемдеу мәселелерін талқылау және оларды шешу жөнінде кеңес ұйымдастырды. Кеңес Ақтөбе облыс әкімнің орынбасары Ж.М. Бексары төрағалығымен өтіп, келесілер қатысты: облыстық және қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтердің, Ақтөбе қаласының салалық сараптамалар мен жобалау ұйымдарының басшылары, сонымен қатар кеңеске онлайн режиммен қосылған сәулет, құрылыс және қала құрылысы қаласындағы аудандық әкімдіктің басшылары және олардың орынбасарлары, сонымен бірге «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорыннан методология басқармасы бастығының орынбасары Е.Б. Аканов және жобаларды сараптау сапасы және методологиялық сүйемелдеу бөлімінің бастығы Е.А. Рихтер. Алғашқы сөзімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексары күн тәртібінің мәселелерін айқындап, 2016 жылдың филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндамасымен шыққан «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директоры Ж.Ж. Бөтенбаевқа сөз берді. Кеңес қатысушылары пайыздық арасалмақта берілген келесі сәттер көрсетілген сөйлеуші бандамасымен көрнекі түрде таныса алды, олар: негізгі өндірістік көрсеткіштер, мәлімденген бағаның жалпы төмендеуі, мәлімденген бағаның ең төменделген жобалар, негізгі тапсырушылар бойынша бағаның төмендеуі және т.б. Кеңестің негізгі уақыты жиі табылатын бұзушылықтар мен жобаларды қайта пысықтауға жіберілген мекемелерге бөлінді. Жобалау мекемелері жөнінде ақпарат филиал директорының баяндамасы арқылы беріліп, республикалық және салалық бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу бойынша қарастырылған жобалар саны, қазақстандық қамыту үлесінің динамикасы, «бір терезе» қағидасы бойынша ЖКВС ендіруде алынған нәтижелер, жобаларды сараптау мерзімі және 2017 жылдың мақсаттары жөнінде мәлімет берумен жалғастырылды. «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорыннан қатысқан қызметкерлерге қойылған сұрақтарға методологиялық және сметалық бөлімі бойынша жауаптар берілді. Кеңес нәтижелері бойынша облыс әкімі орынбасары Ж.М. Бексары қонструктивті және пайдалы есеп-талдау үшін алғыс білдіріп, тапсырысшылармен жобалау мекемелеріне жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу кезінде кеңесте сөз етілген ақаулықтармен бұзушылықтарды ескеруге және МСҚБ басқармасына жобалау сапасы мәселелері бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалымен өзара қатынасу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.