Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Дәріс тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқармалардың мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық бұзушылықтар»

2017-08-08
Дәріс тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқармалардың мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық бұзушылықтар»
Дәріс тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқармалардың мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық бұзушылықтар»
04.08.2017жылы «Мемсараптама» РМҚ Батыс өңірі бойынша филиалының қызметкерлері үшін ЭТҚ Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің ЖІҚБ аға офицері семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Лекция барысында Ж.Ж.Акжигитовтың атап өткені, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». Пара деп саналатын нәрселер: Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік. Қызмет түрлері және олжа – емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды өтеусіз немесе төмен бағамен төлеу. 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай: ● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану; ● қоғамдық бақылау институттарын енгізу; ● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау; ● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; ● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; ● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Дәріс соңында филиалда құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік сарапшылардың дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тұрақты негізде мақсатты жұмыстар жүргізілетіні қорытындылап атап айтылды. Филиал ұжымы ЭТҚ Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің ЖІҚБ аға офицері Ж.Ж.Акжигитовке танымдық дәріс-әңгіме жүргізгені үшін алғысын білдірді.