Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» дәрісі

2017-08-10
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» дәрісі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» дәрісі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» дәрісі
«Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының өндірістік бөлімінің қызметкерлеріне, 2017 жылдың екінші жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары Жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 09 тамызында бәсекелестікке қабілетті, әділ қоғам қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алуға жөнінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің маманы Дина Нұрланқызы Лұқпанова қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылға қабылданған антикоррупциялық стратегиясының негізгі талаптарын түсіндірді. Лектордың айтуынша бұл бағдарламаның мақсаты: «Жемқорлықтың кез-келген көзіне нөлдік төзімділікпен қараудың атмосферасын құру арқылы антикоррупциялық қозғалысқа бүкіл қоғамды қатыстыру». Қатысушылардың сұрағына жауап бере отыра, лектор тағы бір мәрте, осы мекеменің қызметкерлері, барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, өмірдің басты құндылықтарын ұстануы қажет, олар адалдық пен әділдік екенін еске салды. Сондай-ақ бұндай кездесулер ендігі уақытта жүйелі түрде өткізіліп отыратын болды. Дәріс соңында тақырып бойынша видеороликтер көрсетілді. «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының Атырау қаласындағы өндірістік бөлімі өткізілген дәріс бойынша Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне алғысын білдіреді.