Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бүгінгі сараптама» құрылыстағы сараптама ұйымдарының І Халықаралық форумы өтті.

2017-08-20
«Бүгінгі сараптама» құрылыстағы сараптама ұйымдарының І Халықаралық форумы өтті.
2017 жылдың 17 тамыз күні Астана қаласында «Бүгінгі сараптама» құрылыстағы сараптама ұйымдарының І Халықаралық форумы өтті, Атырау қаласының өндірістік бөлімінен филиал директорының орынбасары А.Г. Хусаинов қатысты. Форумның ашылуы «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Ж. Қарағойшиннің кіріспе сөздерінен басталды. Бұдан әрі, «Мемсараптама» РМК-ның негізгі жұмыс блоктары және жалпы қызметі турал материалдар көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Төрағасы М.Ж. Жайымбетов сөйледі. Ол, кәзіргі уақытта құрылыс жобаларының сараптамалары жеке компанияларға берілу процессі жүріп жатқанын ескертті. 60 %-дан астамы кәзірдің өзінде берілді, ал жыл сайын 10 %-дан берілуде. Нәтижесінде, 2019 жылдың соңына қарай «Мемсараптама» РМК-да жылу электр станциялары, АЭС, мұнай өңдеу зауыттары және т.б. сияқты қазіргі заманға сай және техникалық күрделі ұлттық маңызы бар нысандар ғана қалады деп жоспарлануда. «Нысандардың құрылысына жобаларды сараптау қызметінің аспектілері ТМД және алыс шет елдерінде» тақырыбында спикерлер болып, келесілер сөйледі: В.В. Андропов – «Главгосэкспертиза России» ФАМ–нің бірінші орынбасары (Мәскеу, РФ), Szymon Piechowiak – «Team leader Ministry of Infrastructure and Construction» (Польша, Варшава), С.С. Кузьмин – «Специал.гос.экспертная организация – Центральная служба Украинской гос.строительной экспертизы» МК – ның директоры, А.Г. Гасанов – Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Құрылыс және қауіпсіздікті қадағалау Мемлекеттік агенттігінің ведомстводан тыс Мемлекеттік сараптау басқармасының басшысы, А.Ж. Сыдықов – Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік құрылыстың Мемлекеттік сараптама департаментінің директор орынбасары және т.б. Сондай–ақ докладпен А.Шпиньков – KPJV Ltd–нің ТПД НПО ПБР менеджері (директорі), Н. Кинганов – «ТШО» ЖШС–нің НПО ПБР менеджері (директорі), М.С. Абаканов – техника ғылымдарының докторы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ – ның техникалық мәселелердің басқарушы директоры, Т.Т. Мусабаев – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Еуразиялық техникалық институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Еуразиялық техникалық институтыныңпрофессоры және т.б. Тарихтағы бірінші ауқымды форумды ұйымдастыру мен өткізуге сараптама ұйымдарының екі жақты кездесулері, халықаралық конференциялар, делегация құрамында өнеркәсіп форумдарда қатысу алдында болды. «Бүгінгі сараптама» халықаралық форумы құрылыс саласындағы қазіргі үрдістерді жарыққа шығару, ынтымақтастықтың географиясын кеңейту және құрылыстағы тиімді эффектілерді зерделеу үшін сараптамалық ұйымдардың, халықаралық компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік компаниялардың, жобалық компаниялардың және тапсырыс берушілердің жиналатын ақпараттық алаңына айналды. Форумда құрылыс жобаларын сараптау, іскерлік әріптестік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында үш негізгі тапсырма орындалды: - құрылыс тәжірибесін жүргізетін ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту; - құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыруда халықаралық тәжірибені зерттеу және қолдану; - құрылыс жобаларын сараптау саласындағы қазіргі заманғы мүмкіндіктерді таныстыру. BIM-технологияларға ерекше назар бөлінді. Таяу болашақта ғимараттардың үш өлшемді үлгілерін құру және құрылысты қолдау: жобалаудан бастап іске қосу жұмыстарына дейінгі ғимараттарды ақпараттық модельдеуді толық іске асыру жоспарлануда. Форумның барлық шақырылған қонақтары мен қатысушылары осындай жоғары халықаралық іс-шараны ұйымдастыру және өткізудің жоғары деңгейін атап өтті, бұл жобаларды сараптау және оны дамыту бойынша қызметтің аспектілерін талқылаумен қатар, әрі қарайғы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу үшін байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Қорытындылай келе, жыл сайын халықаралық форумды өткізу туралы шешім қабылданды.