Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Электрондық порталда ведомстводан тыс комплекстік сараптаманың жаңа модельдерін түсіндіру кеңесі

2017-08-27

«Мемсараптама» РМК-нің жергілікті атқару органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде, 2017 жылдың 24 тамызында «Атырау облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің басшысы М.Х. Амановтың төрағалығыменАтырау қаласының әкімдігінде «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының қызметі бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Сондай-ақ, кеңеске Атырау облысы әкімшілік басқармасының, құрылыс ұйымдарының, жобалау ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Кеңес бағдарламасы үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің жалпы процедуралары бойынша «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары А.Г.Хусаинов баяндама жасады. Деректер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде қолданылатын заңнамалық актілердің салалық сараптамалар бөлігіне және негізгі нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіре отырып, презентация түрінде көрсетілді. Екінші бөлім екі жаңа модульдерге арналды: жобалау алды жұмыстары және коммуникация модульдері. Үшінші бөлім өзекті сұрақтар қойылып және жобалар бойынша неғұрлым жиі ескертулер талқыланып сұрақ-жауап форматында өтті. Кеңес қорытындысы бойынша, жобалау сапасын арттыру мақсатында, сараптама қызметін жетілдіруге, жобалаушыларға ақпараттық-әдіснамалық көмек және өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалог ұйымдастыруға бағытталған, бірлескен іс-шаралар циклын өткізу жоспарлануда.