Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы құқық қорғау органдар өкілдерінің қатысуымен семинар

2017-08-09
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы құқық қорғау органдар  өкілдерінің қатысуымен семинар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы құқық қорғау органдар  өкілдерінің қатысуымен семинар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы құқық қорғау органдар  өкілдерінің қатысуымен семинар
2017 жылы 8 тамызында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері Е.М. Толыбаевтың, Н.З. Қалдыбаевтың қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың кіріспе бөлігін филиал директоры Ж.Ж. Ботенбаев бастап, филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетінін және осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы құқық қорғау органдар өкілдерінің қатысуымен дәріс-сұхбат, дөңгелек үстел тәртібінде семинарлар өткізілетінін атап кетті. Семинар қатысушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық факті туралы немесе басқа жағынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсеткен тұлғаларды ынталандыру туралы сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерді талдау қарастырылды. Семинар барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен шендеріне қарамастан, заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапты болады» бейнеролигі көрсетілді.